Қазақстанда ауылдардың бас жоспары жасалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ауылдардың бас жоспары жасалмақ

15.05.2014
Қазақстанда ауылдардың бас жоспары жасалмақ
 
Қазақстанда ауылдардың бас жоспары жасалмақ. Бұл туралы бүгiн Астанада «Қазақстанның өңiрлерiн дамытуға арналған мүмкiндiктер, жағдайлар және ұсыныстар» атты халықаралықконференцияда Қазақстан Республикасы  Өңiрлiк даму министрi Болат Жәмiшев мәлiм еттi, деп жазады ҚазАқпарат.
 
Оның айтуынша, бас жоспар жасау мәселесi тек ауылдық елдi мекендерге қатысты болмақ. Барлық облыс орталықтарында бас жоспарды өзгерту бойынша жоспар жоқ.
 
Себебi, қалалардың бас жоспары ол ескiрген жағдайда немесе шаһар кеңейген тұста заң аясында жаңартылып отырады.
 
«Елдi мекендер бас жоспармен қамтамасыз етiлуi тиiс. Сондықтан қазiргi уақытта елдi мекендерге, соның iшiнде ауылдық округтерге бас жоспар жасау мәселесi шешiлуде. Ауылдық пункттердiң барлығы бiрдей бұл жоспарға ие емес екенiн көрiп отырмыз. Ал қалаларға келетiн болсақ, оның бас жоспарын тек ескiрген жағдайда қарастырамыз», - дедi Болат Жәмiшев.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу