Ақмола облысында бірнеше ірі инвестициялық жоба жүзеге аспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында бірнеше ірі инвестициялық жоба жүзеге аспақ

29.11.2019

Ақмола облысында келесі жылы бірнеше ірі инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Олардың сәтті жұмыс істеуі үшін мемлекеттік қолдау қажет. Бүгін Көкшетауда шетелдік және отандық инвесторлар өздерінің жобаларын таныстырды. Облыс басшылығы мен жауапты органдарды қандай көмек керектігі жайлы құлағдар етті. Кәсіпкерлер екі негізгі мәселені көтерді. Оның бірі – жер алу, екіншісі инженерлік желілер жүргізу. Ұсынылған жобалардың бағыты алуан түрлі. Облыс үшін майлы дақылдарды өңдеу өндірісінің орны ерек. Алдағы уақытта Көкшетауда осындай кәсіпорын ашылуы мүмкін. Бидайды қайта өңдеу бойынша да жаңа ұсыныс бар. Энергетика саласында да тың жобалар іске аспақ. Бірі – жел электр станциясын салу, енді бірі табиғи қалдықтардан энергия өндіретін зауыттың құрылысы. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу