Астаналықтар тіркелмеген қаруларын өз еркімен тапсыра алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналықтар тіркелмеген қаруларын өз еркімен тапсыра алады

14.05.2014
Астаналықтар тіркелмеген қаруларын өз еркімен тапсыра алады
Астанада халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жалғасуда. Шара барысында елордалық полицейлер рұқсат қағаздарының мерзімі өткен азаматтық қару иелерін анықтауда.
 
Қазіргі уақытта  10-нан артық атыс қаруы және 450-ден астам оқ-дәрі тапсырылған.
 
Бұл туралы қалалық әкімдіктің бапспасөз қызметінен хабарланды.
 
Еске салайық, тіркелмеген атыс қаруларын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
 
Ерікті түрде тапсырылған атыс қаруларын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды қабылдау, оны рәсімдеу қалалық және аудандық Ішкі істер органдарында азаматтың  жазбаша арызының негізінде жүзеге асырылады. Атыс қаруын өз еркімен тапсырған азаматтарға мемлекеттен әр қару бірлігіне 10-100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы төленеді.
 

Хабарламаларға жазылу