ДСҰ: Экспортпен импортты алмастырудағы субсидияларға тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДСҰ: Экспортпен импортты алмастырудағы субсидияларға тыйым салынады

03.07.2015
ДСҰ: Экспортпен импортты алмастырудағы субсидияларға тыйым салынады

Дүниежүзілік сауда ұйымына  кірген соң жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттардағы жергілікті қамту туралы талаптар негізіндегі мемлекеттік қолдау күшін жояды.

Сондай-ақ, экспортпен импортты алмастырудағы субсидияларға да тыйым салынады.

Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова осылай деп мәлімдеді.

Есесіне, Дүниежүзілік сауда ұйымының қатаң талаптарына қарамастан, Қазақстан ауылшаруашылық саласына 8,5 пайыз мөлшерінде субсидия бөле алады.

Ауыл шарушылығы саласына қатысты мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті сақтап қалу жөніндегі келісім Дүниежүзілік сауда ұйымымен жүргізілген келіссөздердің күрделісі әрі ең маңыздысы болды.

 

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу