Құмар ойындардың жарнамасына тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құмар ойындардың жарнамасына тыйым салынады

02.11.2023

Букмекерлік кеңселер мен онлайн-казинолардың қызметін жарнамалауға түбегейлі тыйым салуынуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтып, арнайы нормалар әзірленіп жатқанын жеткізді.

Ал Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушылар үшін борыштық жүктеме коэффициенттерін қатаңдатуды енгізеді. Себеді зерттеу жүргізген сарапшылар несиесі көп адамдардың басым бөлігі лудаман екенін анықтаған.

 Сондай-ақ, Әлихан Смайылов Қазақстанда құмар ойындаға рұқсат берілетін жас мөлшерін 21-ден 25 жасқа көтеру керектігін атап өтті.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу