Әскери киімдерді заңсыз кигендерге айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери киімдерді заңсыз кигендерге айыппұл салынады

12.05.2014
Әскери киімдерді заңсыз кигендерге айыппұл салынады
Грузияда әскери киім мен айрықша белгілерді заңсыз кигендер енді әкімшілік тәртіпте жазаға тартылмақ.
 
Тиісті заң жобасы осы елдің парламентінің қарауына ұсынылды .Заңды құжат жақын арада бекітіледі деп күтілуде.
 
Қазіргі кезде Тбилисидің бірнеше базарында әскери киімдерді, оның ішінде америкалық жауынгерлік киімдерді емін-еркін сатып алуға болады екен. Грузиялық тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, әскери киімдердің құны арзан болмаса да, оған сұраныс жоғары.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу