«Samsung Electronics» компаниясының төрағасы Ли Кун Хи тыныс алу органдары сырқатымен «Samsung Medical Center» ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
72 жастағы кәсіпкерге жасанды тыныс алу және жүрегіне тікелей массаж жасалған. 1990 жылдардың соңынан бері Ли Кун Хи Оңтүстік Кореядағы жетекші конгломерат «Samsung Group»-тың басшысы болып келеді.
Оның өкпесіне бұрын ота жасалған болатын, содан бері ол тыныс алу проблемасымен зардап шегуде.