«Samsung» басшысы түрмеден босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Samsung» басшысы түрмеден босатылды

05.02.2018

Оңтүстік Корея соты «Samsung Electronics» компаниясының вице-президентін түрмеден босатты. Пара берді деп айыпталған Ли Чжэ Ён бір жыл бұрын 5 жылға сотталған еді. Алайда, аппеляциялық сот оған тағылған кінәлардың бірнешеуін алып тастады. Сондықтан, Ли шартты түрде 2,5 жылға ғана сотталып, үйіне жіберілді.

Чжэ Ён алдағы уақытта «Samsung»-тің вице-президенті қызметін атқаруды жалғастырады.

Ол тиімді келісімдер жасау үшін Корея билігіне миллиардтаған вон пара берді деп 2017 жылдың ақпанында ұсталды. Осы коррупциялық дауға байланысты ел президенті Пак Кын Хе де отставкаға кеткені белгілі.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу