«Евровидение-2014»: Австриялық әнші жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Евровидение-2014»: Австриялық әнші жеңіске жетті

11.05.2014
«Евровидение-2014»: Австриялық әнші жеңіске жетті
Дания астанасы Копенгагенде «Евровидение-2014» ән байқауының финалы өтті. Байқауда Австрия әншісі Кончита Вурст «Rise Like a Phoenix» әнімен жеңіске жетті (290 балл).  Екінші орында – Нидерланд («The Common Linnets» поп-группасы «Calm After the Storm» әнімен). Ал Швеция әншісі (Санна Нильсен «Undo» әнімен) үздік үштікті түйіндеді.
 
Айта кетейік, «Евровидение» 1956 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Бұл жолғы дода Дания астанасында 6 және 10 мамыр аралығында өтті. 26 елдің өкілі бақ сынаған байқауда Австриялық әнші жеңіске жетті. Осылайша, «Евровидение-2015» енді Венада өтпек.
 
«Евровидения-2014»-тің жеңімпаздары:
 
1. Кончита Вурст (Томас Нойвирт) - Австрия (290 балл)
 
2. The Common Linnets - Нидерланд (238 балл)
 
3. Санна Нильсен - Швеция (218 балл)
 
4. Арам МР3 - Армения (174 балл)
 
5. Андраш Каллаи-Сондерс - Венгрия (143 балл)
 
6. Мария Яремчук - Украина (113 балл)
 
7. Мария и Анастасия Толмачевы - Ресей (89 балл)

 

 

Хабарламаларға жазылу