Құндыздар санаққа алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құндыздар санаққа алынады

10.05.2014
Құндыздар санаққа алынады
Польшаның қоршаған ортаны қорғау министрлігі алдағы екі жылда республика аумағындағы құндыздарға санақ жүргізбек, деп хабарлайды itar-tass.com. Санақ қорытындысы бойынша, бұл жануарлардың келтіретін зияны жөнінде арнайы карта дайындалады.
 
Фермерлер, аңшылар мен орманшылар бірнеше жылдан бері биліктен құндыздарға қандай да бір шара қолдануды сұрап келеді. Себебі, тоғандар мен ормандарға олардан келетін зиян мөлшері артуда.
Әсіресе, құндыздар Польшаның шығыс аумағында көп таралған.
 
Польшаның қоршаған ортаны қорғау министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Александр Майхжактың айтуынша, санақ нәтижесінде дайындалған карта  биологиялық алуантүрлілікті сақтау  бойынша халықаралық міндеттемелерді орындауға, құндыздармен қалай күресу керектігі жөнінде шешім қабылдауға арналған құжат болмақ.

Хабарламаларға жазылу