Сейдахмет Бердіқұловтың туған күнінде - 9 мамырда Алматы қаласынан бастау алған бұл дәстүрлі турнир биыл бірінші рет Астанада өтті.
Осы жылдан бастап жарысты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, ойынды Астанада өткізу туралы шешім қабылдады.
Екі күнге созылған жарыста еліміздің әр аймақтарының телеарна, газет тілшілерінен жасақталған футбол командалары өзара бақ сынады. Бірінші орынды «Алматы» телеарнасының құрамасы жеңіп алды. Екінші орында «Хабар» телеарнасының Алматы бюросының командасы, ал үздік үшітікті «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшілері қорытындылады.