Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысының кезекті сайлауы өтетін 2018 жылға жоспары туралы сұраққа тікелей жауап беруден бас тартты.
Сочиде өтетін Олимпиада қарсаңында Ресей басшысы «BBC», «ABC News», «CCTV», «Россия-1» телеарнасы мен «Around the Rings» ақпараттық агенттігінің тілшілеріне сұхбат берген болатын.
«Ал сайлауға қатысты жауап беру әлі ерте. Жұмыс істеу керек, қалғанын уақыт көрсетеді», - деді Ресей президенті.