Сауд Арабиясында блоггер 10 жылға түрмеге жабылып, мың рет дүре соғу жазасына кесілді, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан».
Сот Раиф Бадавиді исламды балағаттағаны үшін және либералды интернет-форум өткізгені үшін жазалауда, деп жазады BBC корпорациясы.
Сондай-ақ оған мың рет дүре соғу жазасы және 1 миллион риял айыппұл салынған.
Раиф Бадави жеке сайтында дін өкілдері мен корольдіктің діни полициясын сынға алған.
Ал «Amnesty International» халықаралық құқық қорғау ұйымы сот шешімінің күшін жою туралы ұсыныс білдіруде.