Қазақ-өзбек арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шарт ратификацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-өзбек арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шарт ратификацияланды

07.05.2014
Қазақ-өзбек арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шарт ратификацияланды
Қазақстан Өзбекстанмен Стратегиялық серіктестік туралы шартты ратификациялады,  деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы шартты ратификациялау туралы»  Заңға қол қойды.
 
Бұл шарт екі ел арасындағы техногенді апаттардың алдын алу, төтенше жағдайлар күштерінің өзара әрекеттесуі салаларындағы әскери-техникалық ынтымақтастыққа, көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастық мәселелерін және мұнай-газ бен сауда салаларына қатысты жайттарды шешуге мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу