Қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі дамып келеді

27.07.2021

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік жан жақты дамып келеді. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Өзбекстанның көлік министрі Илхом Махкамовтың кездесуі барысында айтылды. Биылғы 5 айда екі ел арасындағы тауар айналымы 46%-ға өскен. Қазақстанның экспорт көлемі 58,4%-ға ұлғайды. Тараптар 29 шілдеден бастап аптасына 2 рет Ақтөбе-Нөкіс бағытында жаңа әуе қатынасын ашуға келісті. Сондай-ақ, Дарбаза-Мақтаарал теміржол желісі мен Түркістан-Шымкент-Ташкент жоғары жылдамдықты магистралін салу жайын талқылады. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу