Жоғалған «Boeing» ұшағына 7 тонна белгісіз жүк артылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалған «Boeing» ұшағына 7 тонна белгісіз жүк артылған

04.05.2014
Жоғалған «Boeing» ұшағына 7 тонна белгісіз жүк артылған
«Malaysia Airlines» компаниясының жоғалған «Boeing - 777-200» ұшағында 7 тонна белгісіз жүк болған. The Daily Mail басылымының жазуынша, олардың жартысы құжатта көрсетілмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Еске сала кетейік, «Boeing-777-200» әуе лайнері Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Бейжіңге бағыт алған жолда жоғалып кеткен болатын. Бортында 227 жолаушысы мен 12 экипаж мүшесі бар ұшақ радар экранынан 8 наурыз Малайзия уақыты бойынша 02.40-та жоғалған. Жолаушылардың екеуі рейске басқа біреулердің төлқұжаттарымен кірген.
 
Осыдан біраз күн бұрын «Boeing-777-200» жолаушылары қаза болған деп жарияланды.  Олардың туған-туыстарына әуе компаниясының басшылығы ұшақ бортында болғандардың ешқайсысы тірі қалмады деп хабарлады. Егер, шынымен лайнердің апатқа ұшырау фактісі расталса, онда бұл 2003 жылдан бергі ірі әуе апаты болады.

Хабарламаларға жазылу