Жапонияның жаңа ұшағы сынақтан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның жаңа ұшағы сынақтан өтті

11.11.2015
Жапонияның жаңа ұшағы сынақтан өтті
Жапонияның Mitsubishi Aircraft компаниясы бүгін MRJ90 ұшағын сынақтан өткізді. Бұл ұшақ жапондардың 1974 жылдан бері алғаш жасаған коммерциялық ұшағы. Алайда, жапондар Boeing ұшақтарын құрастыруға жиі қатысып тұрады.


Бүгін алғаш рет көкке көтеріліп, сынақтан өткен MRJ90 ұшағына қазірдің өзінде 407 тапсырыс түскен. Олардың арасында жапониялық және шетелдік компаниялар бар. Ұшақтың ұшу қашықтығы 3 мың шақырымнан асады. Ал, жолаушылар саны 96 адам болмақ.

Бірақ, компания 100 жолаушыға арналған және 78 жолаушылық моделдерді шығаруды да көздеп отыр. Осылайша Mitsubishi Aircraft компаниясы орта қашықтықтағы және орташа көлемдігі ұшақтар өндірісінде Bombardier мен Embraer ұшақтарына, сонымен бірге ресейлік Sukhoi SuperJet 100 ұшағына да бәсекелес болмақ ниетте.

Жалпы, Mitsubishi Aircraft компаниясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік нарықта танылған ұшақ өндіре қойған жоқ. Бірен-сараң ұшақтары ғана Батыс елдерінде танылды. Бірақ, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Mitsubishi Aircraft жасаған Mitsubishi A6M «Zero» ұшағы әлемге танылған болатын. Компания «Zero» ұшағының 11 мың данасын жасаған.

Kaznews.kaztrk.kz


Фото: newscom/vostock-photo

Хабарламаларға жазылу