Австралия билігі зейнетке шығуды 70 жасқа дейін ұзартпақ. Ел үкіметі 2035 жылға қарай әлемнің дамыған елдерінің арасында зейнетке шығу жасы ең жоғары мемлекет болатындығы туралы жоспарын жариялады.
Австралияда зейнетке шығу жасы ресми белгіленбеген. Алайда, ер адамдардың 65 жастан, әйелдердің 60 жастан бастап зейнетке шығуға құқығы бар. Бұл жүйе 1908 жылдан бері жұмыс істеуде.
Австралия билігінің өкілі мұндай қадамға амалсыздықтан барып отырғанын атап өтті. «Бұл біздің мемлекеттік бюджетімізді ұзақ мерзімге жоспарлауда айтарлықтай маңызды», - деп мәлімдеді министр Хоки.
Қазіргі уақытта елде жасы ұлғайған адамдар үлесінің артуы айтарлықтай күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Алдағы 30 жылда Австралияда 65 және одан жоғары жастағы азаматтардың саны 3,5-тен 7 миллион адамға дейін өсіп, ел халқының 22 пайызын құрайды деген болжам бар.
ҚазАқпарат