Зейнетке шығу жасы төмендетілмейді – министрлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетке шығу жасы төмендетілмейді – министрлік

08.02.2021

«Елімізде зейнетке шығу жасы төмендетіледі» деген ақпарды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды. Яғни, әйелдер 55 ал ерлер 60 жастан бастап зейнетке шығады деген жалған ақпаратқа сенбеуге шақырып отыр. Халық арасында түсінбеушілік тудырып жатқан мәлімет әлеуметтік желілерде тарап жүр. Министрліктің хабарлауынша құрметті демалысқа шығу жасын төмендету мәселесі мүлде қаралып жатқан жоқ. Ерлер 63 ал әйелдер қазір 60 жастан бастап зейнетке шығады. Бірақ 2027 жылға дейін біртіндеп 63 жасқа дейін арта береді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу