Жамбыл облысында жүк пойызының 13 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«20 сәуір күні 14 сағат 40 минутта Жамбыл бөлімшесінің жолында Луговая-Құрағатты өткелінде жүк пойызының 13 вагоны жолдан шығып кетті. Вагондар «Теміржол жөндеу» АҚ-на тиесілі. Пойыздардың қозғалысы тоқтады. Оқиға орнына Жамбыл мен Шу станцияларында орналасқан қалпына келтіруші пойыздар жөнелтілді» , - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаның мән-жай анықталуда.
Еске сала кетейік, кеше, 19 сәуірде Атырау облысында жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетіп, бірнеше адам жарақаттанды.