«Түркістан» газетіне биыл – 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түркістан» газетіне биыл – 20 жыл

25.04.2014
«Түркістан» газетіне биыл – 20 жыл
«Түркістан» га­зеті – 1993 жылы Үкімет қаулысымен ашыл­­ды. Алғашқы саны 1994 жылы қаңтар айы­ның соңында жарық көрген газет бүгінде қазақ тіліндегі ірі форматтағы ең ірі саяси апталықтардың бірі. Ұлттың рухымен үндескен газет экономика, тарих, саясат, дін, өнер тақырыптарында үздіксіз ақпарат беріп келеді.
 
«Түркістан» газетінің қалыптасу жолында мол еңбек сіңірген қаламгерлердің қатарында қазақтың белгілі жазушысы, драматургі, басылымның тұңғыш редакторы Қалтай Мұхамеджановтың еңбегі ерекше.
 
Ол ең қиын кезеңдерде, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қаржының тапшы кезінде газетке басшылық етті. Сол кездегі қызметкерлер  айлап жалақы алмаса да, газеттің жарыққа шығуына белсене кірісті. Себебі, бұл тіл үшін,  Тәуелсіз елдің мүддесі үшін күрес болған еді.
 
Сондай-ақ, қоғамдық, ұлттық мәселелерді қаламына арқау еткен ақын-жазушылардың қатарында Әбілмәжін Жұмабаев, Сейфолла Оспанов, Әбдіраш Жәмішев, Қажығали Мұхаметқали тәрізді қаламгер де болды.  
 
Газеттің қазіргі бас редакторы Шамшидин Паттеев«Түркістан – Ер Түріктің бесігі ғой, Түркістан – екі дү­­ние есігі ғой», деп Мағжан ақын жаз­ған­дай, газеттің осылай аталуына Алаш арыс­тары - Мұстафа ШоқайТұрар Рысқұлов аталарымыз көтерген түбі бір түркілік идея негіз болды. Бірақ газет ашылудан тоқ­са­ныншы жылдардың ортасындағы қаржы-экономикалық қиындықтарға тап болады. Соған қарамастан, жалақының аз-көптігі, уақытылы беріліп-берілмеуімен санаспай, азаттық ауасынан рухтанған қыз-жігіттер тәуелсіздік идеясын халқымыздың сана­сына сіңіріп, оның күн сайын нығаюына шын пейіл, үлкен жауаптылықпен қызмет етті»,-дейді.
 
Ал бүгінде газетте Дидахмет Әшімханұлы, Жаңабек Шағатай, журналист Көлбай Адырбекұлы, ­Тынышбек Дайрабай, Есенгүл Кәпқызы, Таңсұлу Алдабергенқызы, Гүбиғаш ­Омарова, Нәзия Жоямергенқызы, Гүлзина Бектасова, ­Динара Мыңжасарқызы сынды азаматтар ел мүддесі үшін қызмет етіп келеді.
 

Хабарламаларға жазылу