Славянскідегі жасақтар арасында қазақстандықтар бар деген ақпаратқа түсініктеме берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Славянскідегі жасақтар арасында қазақстандықтар бар деген ақпаратқа түсініктеме берілді

25.04.2014
Славянскідегі жасақтар арасында қазақстандықтар бар деген ақпаратқа түсініктеме берілді
 
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Н.Айтмаханов бірқатар БАҚ-та тараған Украинаның Славянск қаласындағы жасақтар арасында ерікті қазақстандықтардың болуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
 
«Біз бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары таратқан «Славянскідегі жасақтар арасында ерікті қазақстандықтар бар-мыс», деген ақпаратқа назар аудардық. Таратылған ақпаратта еріктілердің азаматтығын куәландыратын құжаттардың немесе адамдардың нақты есімдерінің жоқ екенін атап өтеміз. Ақпаратты тексеру мүмкін болмай отыр. Бұл ақпаратты негізсіз деп санаймыз. Бірақ, біз құзырлы органдармен бірлесіп, аталған ақпаратты тексеруге тырысудамыз», - делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу