Атыраулық зиялы қауым өкілдері Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі еліміздің бағындырған кезекті биік белесі, әлемде беделі зор мемлекет екендігінің айғағы деп біледі.
Олар бұл ұйым отандық кәсіпкерлердің бәсекелестігін күшейтіп, соның арқасында экономикамызды қуаттап, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізеді, деген ойда.
«Еліміз үлкен белеске көтерілді. Ұйымға мүшелік ету қазақстандық кәсіпкерлерге зор жауапкершілік жүктейді», дейді жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ