«Қазақстан Республикасының негізін қалаудағы Елбасының рөлі» атты конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Республикасының негізін қалаудағы Елбасының рөлі» атты конференция өтті

19.04.2019

«Қазақстан Республикасының негізін қалаудағы Елбасының рөлі». Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде осы тақырыпқа арналған  конференция өтті. Оған тарихшы ғалымдар мен аймақтағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев ел егемендігін жариялаған сәттен бастап мемлекетті дамудың дұрыс жолына түсіре білді. Нәтижесінде аз уақытта Қазақстан әлемге танылды. Дамыған мемлекеттер қатарына қосылды. Бұны біз,яғни,  тарихшылар өз тарапымыздан  «Назарбаев феномені» деп атадық-деді конференцияда сөз алған ғалымдар

Айгүл Садықова тарих және қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының доценті:

Посткеңестік кеңістіктегі көптеген елдер әлі де экономикалық саяси тұрғыдан үлкен қиындықтарды басынан өткеруде. Ал, біздің елде экономикалық және саяси тұрақтылық бар. Ешқандай саяси шиеленістер орын алып отырған жоқ. Бұның бәрі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың таразыланған, салиқалы, көреген саясатының арқасы-деп білеміз 

Болат АМАНБАЕВ     

Хабарламаларға жазылу