«Шешенстандағы халық Ресейдің құрамынан бөлінуге мүдделі емес» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шешенстандағы халық Ресейдің құрамынан бөлінуге мүдделі емес»

24.04.2014
«Шешенстандағы халық Ресейдің құрамынан бөлінуге мүдделі емес»
Шешенстан халқы Ресей құрамынан бөлініп шығуға мүдделі емес. Астанада өтіп жатқан XII Еуразиялық  медиа форум барысында ресейлік саясаткер РФ Думасының депутаты Константин Затулин осылай деді.
  
 «Қырымда референдум өткізілуі әділдік дейсіздір. Алайда, сіздер неге Ресей құрамынан шыққысы келетін аймақтарда, мәселен Шешенстанда референдум өткізуді қуаттамайсыздар?», деп сұрады форумда журналистердің бірі.
  
 Бұл сауалға ресейлік саясаткер: «Сіздің ақпаратыңыз ескі болуы керек. Шешенстанда қазір жағдай басқаша. Шешенстанда тыныштық орнады. Даму үстінде. Референдум өткізілсе, шешен халқының басым көпшілігі бөлінуді қаламайтынына сенімдімін», деді.

Хабарламаларға жазылу