Астана - әлемдік мәдени орталыққа айналуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана - әлемдік мәдени орталыққа айналуда

27.06.2014
Астана - әлемдік мәдени орталыққа айналуда
 
Астананың дамуы, бүкіл Қазақстанның көркеюіне серпін береді. Бас қалада қолға алынған игі істер, тұтас елдің алға жылжуына ықпал етері сөзсіз.
 
Астана күні қарсаңында барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаған қазіргі заманғы балеттен әлемнің ең танымал хореографы, Ресейдің Халық әртісі Борис Эйфман осылай, деді.
 
Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуін ерекше ықыласпен еске алған Ресейдің қоғам қайраткері, еліміздің тәуелсіздік жылдардан бергі дамуын, мемлекет басшысының тұлғасымен байланыстырады.
 
Борис Эйфман, Балет театрының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі:
Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен кезде, оның айтқан сөздері, маған үлкен әсер қалдырды. Мен Президентке қарап, өз елінің дамуы үшін барын салып жүрген, салиқалы саясаткерді көрдім. Адамды сөзіне қарап емес, ісіне қарап бағалау керек. Мәселен, қысқа мерзімнің ішінде салынған Астана - таңғажайып қала екен. Ең бастысы, Қазақ Президенті бас шаһардың құрылысына ғана емес, оның рухани өміріне де ерекше мән беріп отыр. Соның арқасында Астана әлемдік деңгейдегі мәдени орталыққа айналып келеді. Меніңше, Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен, алдағы уақытта Астана ғана емес, бүкіл Қазақстан қазіргіден де көркейіп, толағай табыстарға жетеді. Ендеше, сол жоспардың барлығы іске ассын,деп тілеймін
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу