Бүгін Алматыдағы білімді дамыту жылына арналған шараның ашылу салтанаты өтті. Шара халықаралық және облыстық олимпиадалардан жеңіспен оралған 9-11 сынып оқушыларына«Үркер» сыйлығын табыстаудан басталды.
Оқушыларды құттықтаған қала әкімі Ахметжан Есімов дарынды балаларды қолдау Қазақстанның мемлекеттік саясаттағы басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.
«Қазақстанның болашағы – жастардың қолында. Өзін шығармашылық және зияткерлік бағытта шыңдау – қоғамда үлкен сұраныс тудырады. Ал сендердің жетістіктерің әлемдік аренада Қазақстандағы білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады»,-деді ол.
Сондай-ақ, қала басшысы алты жыл ішінде «Үркер» сыйлығын 1252 оқушы иеленгенін, 2009 жылы бұл сыйлықты алғандардың саны 78 болса, биыл 323 оқушы «Үркер» сыйлығын алғанын атап өтті.