![Астанада мерекелік шеруге 2,5 мыңнан астам әскери қызметкер қатысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36302.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада 7 мамыр күні өтетін мерекелік шеруге 2,5 мыңнан астам әскери қызметкер қатысады.«Қазақ елі» алаңында өтетін мерекелік шеруге сондай-ақ, 300 техника тартылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп мәлімдеді astana.kz.
«2,5 мыңнан астам сарбаз бен офицер парадқа дайындалуда. Іс-шараға 300-ге жуық техника бірліктері тартылады. Лагерлік жиындарда әскердің барлық түрлері, сонымен қатар, ІІМ, ТЖМ және ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысады», - делінген хабарламада.
Мекеменің хабарлауынша, парадтың басты ерекшелігі - оның технологиялық сипатында. Негізгі басымдық қазақстандық әскердің жаңа және заманауи үлгілеріне беріледі. Шеру барысында жүріп өтетін барлық техника модернизацияланған немесе Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарында шығарылған.
Айта кетейік, парадқа қатысу үшін еліміздің барлық әскери бөлімдері мен гарнизондарындағы әскери қызметшілер іріктелді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада мерекелік шеруге 2,5 мыңнан астам әскери қызметкер қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/85842/)