Астанада Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру өтеді

20.04.2017

Астанада Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру өтеді. Шара Отан қорғаушылар күні, яғни 7-мамырға жоспарланып отыр. Парадқа дайындық жұмыстары бір ай бұрын басталған. Қазір қатысушылар сапта түзіліп, жаттығу жасауда. Жалпы, елордадағы Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери шеруге 5 мыңнан астам әскери қызметкер қатысады. Бұдан бөлек, 300-ге тарта әскери техника, 80 авиация күштері және көптеген заманауи қару-жарақ үлгілерін тамашалауға болады.   

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу