ХОККЕЙ: «Сарыарқа» түмендік «Рубинмен» бақ сынасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХОККЕЙ: «Сарыарқа» түмендік «Рубинмен» бақ сынасады

12.04.2014
ХОККЕЙ: «Сарыарқа» түмендік «Рубинмен» бақ сынасады
Түменнің «Рубині» Жоғары хоккей лигасының финалына шықты. Енді олар қарағандылық«Сарыарқамен» бақ сынасады.
 
Бесінші жартылай финалдық ойында «Рубин» сырт алаңда пермьдік «Молот-Прикамьені» 4:1 есебімен жеңді.
 
Осылайша, Жоғары хоккей лигасының ақтық сайысында «Рубин» Қарағандының «Сарыарқа» командасымен кездесетін болды.
 
Ал қазақстандық клуб жартылай финалда ЖХЛ жеңімпазы «Торосты» жеңіп, өткен маусымдағы финалда сүріндірген қарсыласынан басым болды.
 
 Финалдық серияның бірінші матчы Түменде 18 және 19 сәуірде болады. Ал 22-23 сәуірде ойындар Қарағанды қаласында өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Хабарламаларға жазылу