Ақын Тоқтарәлі Таңжарық - «Таңшолпанда» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық - «Таңшолпанда»

11.04.2014
Ақын Тоқтарәлі Таңжарық - «Таңшолпанда»
 
Жақында Польшада Еуропа ақындарының фестивалі өткен болатын. Сол фестивальге қатысқан ақын Тоқтарәлі Таңжарық бүгін «Таңшолпанда» қонақта.
 
«Бұл төрт жылда бір өтетін шара. Биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Оқырман мен ақынды жүздестіруге негізделген шара. Төрт жылда бір өтетін болғандықтан, алты ақынды Еуропадан таңдайды, ал бір ақынды басқа құрлықтан таңдап, өздері белгілейді. Осы жолғы таңдау Қазақстанға түскен. Тағы бір ерекшелігі - олар таңдауды өздері жасамайды. Халықаралық мәдениет институты сол елді білетін, сол халықтың тілін, дінін, салт-дәстүрін, әдебиетін білетін және сол саламен айналысып жүретін мамандарға тапсырады екен».
 
«Маған осыдан екі жыл бұрын Ознан қаласынан Генрик Янковский деген адам хабарласты. Ол кісі сол жақтағы түркітану орталығының директоры. Былтыр ғана Абай атамыздың Қара сөздерін поляк тілінде сөйлеткен адам. Сол кісінің ұсынысымен комиссия менің өлеңдерімді бағалаған екен. Осылайша бұл шараға барып қайттық»,-дейді ақын.
 
«Жеті ақынмен жеке-жеке кездесу өтті. Еуропаның ақындары бір-біріне қатыспады. Себебі, олар бірін-бірі бұрыннан білетін адамдар. Ал менің кездесуіме барлық ақындар және комиссия мүшелері толық отырды. Орталық Азия ақыны ретінде мен оларға әлі таңсықтау болған шығармын».
 
«Қазақ поэзиясында тіл, дін, тарих мәселелері өте өзекті. Ал оларда бұл мәселелер шешіліп қойған. Олар бұған біртүрлі таңырқап қарайды. Мысалы, оларда тіл мәселесі жоқ. «Қазақ мемлекеті болып тұрып, қазақ тілінің мәселесі неге өзекті» деген сұрақтар қойылды».

Хабарламаларға жазылу