Қытайлық және австралиялық кемелер Үнді мұхитынан тапқан қалдықтар «Malaysia Airlines» әуе компаниясының жоғалған ұшағына тиесілі болмай шықты, деп хабарлайды BBC Russian.
Куала-Лумпурдан Пекинге бағыт алған «Malaysia Airlines» ұшағы 8 наурыз күні радар экрандарынан жоғалып кеткен еді. Бортта 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Кейін ұшаққа екі жолаушы жалған құжатпен мінгені анықталды.
24 наурыз күні Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак жоғалған ұшақ Үнді мұхитының оңтүстігінде апатқа ұшырағанын мәлімдей келе:
«Сараптамалардың қорытындысына сәйкес, мамандар «Boeing-777» ұшағының соңғы рет байланысқа шыққан жері Үнді мұхитының ортасы екенін айтады. Бұл Австриалияның Перт қаласының маңы. Мұнда ұшақтың қонуына ыңғайлы жер жоқ. Сондықтан, ұшақ Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде ұшуын тоқтатқан»,-деді.