Қуат Қожахметов: Қазақстанның халықаралық резерві 97,6 миллиард АҚШ долларына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуат Қожахметов: Қазақстанның халықаралық резерві 97,6 миллиард АҚШ долларына жетті

27.03.2014
Қуат Қожахметов: Қазақстанның халықаралық резерві 97,6 миллиард АҚШ долларына жетті
Қазақстанның халықаралық резерві 97,6 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов мәлімдеді.
 
Елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа алтын-валюта резервтер мен Ұлттық қор толығымен байланысты екендігін атап өткен Қуат  Қожахметов: «Осы жылдың басынан бері жалпы елдің халықаралық резервтері 2,5 пайызға ұлғайып, ақпанның соңында 97,6 миллиард АҚШ долларын құрады», - деді.
 
Сонымен қатар, ол банк депозиттерінің көлемі 2014 жылдың қаңтар-ақпанында 9,4 пайызға өсіп, 11  триллион теңгеге дейін артқанын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу