Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда көлемі артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда көлемі артады

16.04.2019

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы алыс-беріс, сауда-саттық көлемін алдағы жылдары еселеп арттыру көзделіп отыр. Өткен жылдың 10 айында екі ел арасындағы сауда айналымы 2 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Оның ішінде біздің елден Өзбекстанға экспорт көлемі 1,3 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл әріптестікті келесі жылы 5 миллиард АҚШ долларына жеткізу көзделіп отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған сапары барысында екі ел үкіметтеріне осындай тапсырма берілді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу