Германияда жұдырақтасатын «арландар» іріктелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда жұдырақтасатын «арландар» іріктелді

20.03.2014
Германияда жұдырақтасатын «арландар» іріктелді
Дүниежүзілік бокс сериясы бәсекесі аясындағы «Астана арландары» мен «German Eagles» командаларының алғашқы ширек финалда жұдырықтасатын боксшылар анықталды.
 
49 келіде шаршы алаңға Мардан Берікбаев көтеріледі. Оның қарсыласы – румын боксшысы Овидиу Берцяну. 56 келіде Мейірболат Тойытов ирландиялық Майкл Конланмен қолғап түйістіреді.
 
Жекпе-жекті 64 келіде Асхат Уәлиханов пен Артем Харутюнян жалғастырады. 75 келіде Сергей Деревянченкоға Денис Роберт Радован қарсы тұрады. Ал кездесуді 91 келіде Василий Левит пен Артур Манн аяқтайды.

Хабарламаларға жазылу