«Ән салады мамандар» жобасында хайуанаттар бағының  қызметкерлері өнер көрсетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән салады мамандар» жобасында хайуанаттар бағының  қызметкерлері өнер көрсетті (ВИДЕО)

13.05.2017

Хайуанаттар бағы  қызметкерлерінен құралған «Арландар» тобы «Ән салады мамандар» жобасында бірінші болып өнер көрсетті. Топ тәлімгері  - әнші Мархаба Сәби.

Әнші «бұл тележобадағы тәлімгер ретінде алғашқы тәжірибем», -дейді. Ол «Арландар» тобының дайындығы жақсы екенін айта келе, тобына сәттілік тіледі. Топ мүшелері Қыдырәлі мен  Қарақаттың «Бағым сен» әнін орындады.

Қазылар алқасы сахнада орын алған кей көріністерге көңілдері толмағанымен,  қатысушыларға үміттерін үзбеуді айтты.

Хабарламаларға жазылу