Қазгидромет: Бүгін еліміздің бірқатар аймағында жел күшейіп, бұрқасын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Бүгін еліміздің бірқатар аймағында жел күшейіп, бұрқасын болады

18.03.2014
Қазгидромет: Бүгін еліміздің бірқатар аймағында жел күшейіп, бұрқасын болады
 
Бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды ағындардың өтуіне байланысты қар жауады, кей жерлерде бұрқасын болады, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
 
Ақмола, Ақтөбе, түнде Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, бұрқасын болады. Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз бұрқасын болады.
 
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, желдің күші секундына 15-20 дейін, күндіз 25 м/с болады. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.
 
Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с, бұрқасын болады. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл аймағында жел 17-22 м/с дейін күшейеді.
 
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады, 15-20 м/с дейін жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Хабарламаларға жазылу