Әлемдегі оқиғалардың экономикаға ықпалына талдау жүргізу қажет - Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі оқиғалардың экономикаға ықпалына талдау жүргізу қажет - Н.Назарбаев

17.03.2014
Әлемдегі оқиғалардың экономикаға ықпалына талдау жүргізу қажет - Н.Назарбаев
Елбасы Ұлттық Банк төрағасына әлемдегі соңғы оқиғалардың отандық экономикаға ықпалына ұдайы талдау және мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.
 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында еліміздің қаржы саласы мен банк жүйесінің жай-күйі талқыланды, сондай-ақ халықаралық қаржы нарығындағы ахуал қаралды.
 
Қ.Келімбетов 2014 жылдың ақпан айында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 26 млрд. долларға дейін, 6,1%-ға ұлғайғанын хабарлады.
Жалпы, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтерін қосқанда 2,1%-ға өсіп, 97,6 млрд. долларға жетті.
 
Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты олардың отандық экономикаға ықпалына ұдайы талдау және мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.

Хабарламаларға жазылу