Өскемен халықаралық әуежайында «Эбола» безгегінің алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен халықаралық әуежайында «Эбола» безгегінің алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті

15.05.2015
Өскемен халықаралық әуежайында «Эбола» безгегінің алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті

Мұндайда құзырлы мекеме қызметкерлері бекітілген ереже бойынша жұмыс істеуі қажет. Іс-шара барысында науқасты және оның қасындағы адамдарды оқшаулау, олардан қан алып, зертханалық талдау жүргізу, ұшақ ішін зарарсыздандыру секілді бірнеше жаттығулар пысықталды.

Қауіпті індетті жұқтырған сырқат қаладағы инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Жауапты мекеме қызметкерлерінің әрқайсысы өз міндетін ойдағыдай орындап, барлық іс-әрекеттер белгіленген уақыт ішінде аяқталды.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу