«Астана» баскетбол клубының ойыншысы Джерри Джонсон үздіктер қатарынан көрінді. Ол ВТБ Лигасының 16-шы турында бағалы ойыншы (MVP) атанды.
Джонсон литвалық «Нептунаспен» өткізген ойында 28 (19+17) ұпай жинады. Бұл ойын елордалық ұжым үшін аса маңызды болды. Өйткені, Александр Трифунович шәкірттері плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігіне ие.
Литвада өткен ойын 91:86 есебімен астаналық баскетболшылардың пайдасына шешілді. Сонымен қатар, бұл кездесуде астаналық Дэвид Саймонда көзге түсті. Ол 24 ұпай жинады. Ал «Нептунас» сапынан Витаутас Шаракаускас 25 ұпай жинап, дабл-дабл жасады.