Елордалық баскетболшылар ел кубогын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық баскетболшылар ел кубогын иеленді

05.03.2014
Елордалық баскетболшылар ел кубогын иеленді
Баскетболдан ерлер арасында  ҚР Кубогының ойындары аяқталды. Финалда «Астана» мен «Қапшағай» командаларының арасында өтті. Бұл ойында елордалық ұжым 88:76 есебімен басым түсті.
 
Үшінші орын үшін Ақтау мен Атырау қалаларының командалары тартысқа түсті. Бұл ойын 87:72 есебімен атыраулықтардың жеңісімен аяқталды.
 
Дәстүр бойынша турнирдың ұйымдастырушылары және төрешілер алқасы Кубоктың бес үздік ойыншысын анықтады:
 
- «Үздік ойнатушы» - Джерри Джонсон («Астана» БК);
- «Үздік шабуылдайтын қорғаушы» - Янис Блумс («Астана» БК);
- «Үздік жеңіл шабуылшы» - Желенис Эдгарас («Атырау барыстары» БК);
- «Үздік ауыр шабуылшы» - Патрик Калатес («Астана» БК);
- «Үздік орталық ойыншы» - Дмитрий Свиридов («Қапшағай» БК).

Хабарламаларға жазылу