Британдық кітапхананың кітабы 63 жылдан кейін қайтарылды. 1950 жылдың 31 желтоқсанында берілген «Пиноккионың бастан кешкендері» туындысы кітап сөресіне 63 жылдан кейін оралып отыр.
Мекеме басшылығы бұған қайтару мерзімі өтіп кеткен кітаптарды айыппұлсыз қабылдау жөніндегі сексен күндік науқан ықпал етті, деп санайды. Алайда кітапхана қызметкерлері өздерінің таңғалысын жасырмайды, деп атап өтеді «Guardian».
«Көптен бері ат ізін салмаған оқырмандарымыздың назарын аудару үшін әрқашан да жаңа бір нәрсе ойластырып отырамыз, бірақ та мұндай нәтижені күтпеген едік», - деп әңгімеледі кітапхана өкілі.
«Көптен бері ат ізін салмаған оқырмандарымыздың назарын аудару үшін әрқашан да жаңа бір нәрсе ойластырып отырамыз, бірақ та мұндай нәтижені күтпеген едік», - деп әңгімеледі кітапхана өкілі.
Осы британдық кітапханада кітапты белгіленген мерзімінен артық бір күн пайдаланғаны үшін оқырман 18 пенс (60 теңге шамасында) төлейді, бірақ та ең жоғары айыппұл 5,22 фунтпен (1580 теңге шамасында) шектелген.