Түркістан облысындағы тойханалар кітапханаға айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы тойханалар кітапханаға айналды

04.06.2021

Түркістан облысында карантин кезінде тірлігі тұралап қалған тойханалар кітапханаларға айналуда. Сайрам ауданында соңғы бір жылдың ішінде осындай 3 кітапхана ашылған. Ғимараттардың барлығы қайта жабдықталып, сәні мен салтанаты келіскен сарайлар білім қуған жастарға қызмет көрсетпек. Мәселен, Қарасу ауылында жеке кәсіпкер кеңсесін кітапханаға сыйға тартқан болса, Қарабұлақ ауылындағы салтанат сарайының бірінші қабаты кітапханаға айналды. Қазір мұнда интернет желісі тартылып, кітап қоры жинақталуда. Ал, Қарамұрт ауылдық округінде бұрын мейрамхана болған ғимаратқа бүгінде тойшыл қауым емес, оқырмандар келуде. 

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу