Бүгін «Астана Опера» театрының алғашқы шетелдік гастролі Мариин театрынан басталады.
8 Наурыз - Әйелдер күнінде Мариин-2 жаңа сахнасында Джузеппе Вердидің «Аттила» операсы қойылады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметінен хабарланды.
«Аттиланың» тұсаукесері 1846 жылы 17 наурызда Венециядағы La Fenice театрында өткен. Бір жылдары операның орындалуы айтарлықтай сирегенімен, кейін вердилік тақырыптың күрделілігіне қарамастан, қайтадан өзекті болды.
«Аттила» операсы өткен жылдың 21 қазанда «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесерінің алғашқы күнінде ұсынылды. Қойылым әлемдік театр қоғамдастығында үлкен резонанс тудырды. Сол тұста опера сарынының әлемдік саңлақтары «Аттила» жаңа театр үшін Еуропаға есік ашты» деген пікірлерін білдірген де болатын.