Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Франция өкілі Кристина Младеновичпен бірге Акапулькоде өткен WTA Abierto Mexicano TELCEL турнирінің жұптық бәсекесінде жеңіске жетті.
Финалда Воскобоева мен Младенович чехиялық Петра Цетковска мен Ивета Мельцер жұбымен кездесіп, 6:3, 2:6, 10:5 есебімен басым түсті.
Бұл Галина Воскобаева үшін жұптық бәсекедегі төртінші жеңіс, ал Кристина Младенович оныншы рет чемпиондық атақты иеленді. Акапулькодегі жеңіс үшін екі теннисші 12 мың 300 доллар мен 280 рейтингтік ұпайға ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бразилияда аяқталған турнирдің жұптық бәсекесінде Шведова мен Медина-Гарригес топ жарған еді.