«Шетелдегі қазақ балалары» енді «Ақжүніс-Астана» журналында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шетелдегі қазақ балалары» енді «Ақжүніс-Астана» журналында

26.02.2014
«Шетелдегі қазақ балалары» енді «Ақжүніс-Астана» журналында
 
 «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасы   мен «Ақжүніс-Астана» журналының бірлескен жобасы – «Әр қазақ - менің жалғызым» айдарында шетел асқан қазақ балалары туралы әңгімелер жарияланбақ.  
 
«Ақжүніс-Астана» журналы «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының жүргізушісі Жанар Байсемізованың журналистік зерттеуінің ықшамдалған, журналға лайықталған нұсқасын халық назарына ұсынбақшы.
 
Айдардың алғашқы мақаласы Испания жеріндегі қаракөз қазақ баласы Марленнің тағдырына арналды. Материал «Адамдар тек пияз турағанда ғана жыламайды...» деген тақырыппен шықты.

Хабарламаларға жазылу