Қарағандыда биыл 310 мың шаршы метр тұрғын үй салынбақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда биыл 310 мың шаршы метр тұрғын үй салынбақшы

26.02.2014
Қарағандыда биыл 310 мың шаршы метр тұрғын үй салынбақшы
Қарағанды облысында есепті кезеңде 299 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Соның ішінде 268 пәтер - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысушылар үшін салынған.
 
Ағымдағы жылы 310 мың шаршы метр тұрғын үйді салу жоспарлануда, соның ішінде кезектегілер мен жас отбасылар үшін кредиттік және арендалық тұрғын үй құрылыстары да бар.
 
Аймақта құрылыс қарқыны артуына қарамастан, 24 мың адам үй кезегінде тұр. Оның ішінде 6000-нан астам адам 2013 жылы кезекке тұрған және тек 766 адам пәтер алған. Бұл барлық кезектің небәрі 3 пайызы ғана.
 
«Тұрғындарды үймен қамтамасыз ету кез келген өңір үшін ең маңызды мәселенің бірі болып қалуда»,-деді Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев.
 
 

Хабарламаларға жазылу