26 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалы сақталады. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында ауа райының тұрақсыздығы сақталады, қар жауып, жел күшейеді, боран соғып, жер көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидрометке» сілтеме жасап ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде боран соғып, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Маңғыстау облысында тұман түсіп, жел күшейеді.
Атырау облысының кейбір аймақтарында желдің күші 15-20 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түседі. Алматы облысында түнде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болуы мүмкін.