Қабылан ауруханаға кіріп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қабылан ауруханаға кіріп кетті

25.02.2014
Қабылан ауруханаға кіріп кетті
Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Мирут қаласында қабыланның кесірінен байбалам басталды. Жыртқыш аң әуелі жергілікті ауруханаға, кейін кинотеатр мен тұрғын үйге кіріп кеткен.
 
Оқиға орнына қарулы әскерилер жетіп барады. Аңды ауруханадан қуып шыққанша, ол осы картинаны суретке түсірмекші болған фотографты тістеп үлгерген екен.
 
Шаһар әкімшілігі қабылан ұсталғанша, мектептер, колледждер мен тағы басқа оқу орындарын уақытша жабуға бұйрық берді.
 
 
Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу