Астанада ыстық су жүйесінен түрлі-түсті су ағуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ыстық су жүйесінен түрлі-түсті су ағуда

24.02.2014
Астанада ыстық су жүйесінен түрлі-түсті су ағуда
Астанадағы тұрғын үйлердің ыстық су жүйесінен жасыл түсті су ағуда,-деп хабарлайды   Tengrinews.kz.
 
Ал, Астана әкімшілігінің ресми сайтына қала тұрғыны Владимир Грицюк үйіндегі ыстық су жүйесінен лимон түсті су ағып жатқанын айтып хабарласқан.
 
«Менің ойымша, Қалалық су арнасы су қайнататын құрылғының ақауын анықтау үшін бұл бояғышты әдейі қосады»,-дейді Грицюк.
 
Оның айтуынша, осыдан екі ай бұрын да осындай жағдай болған. Бірақ, ол кезде судың түсі таза болғанымен, жағымсыз иісі бар екені сезілген.
 
Айта кету керек, қазіргі судың түсі – жасыл, бірақ иісі жоқ.

Хабарламаларға жазылу